Nokia 6700 Classic - Күтім және техникалық қызмет көрсету

background image

Күтім және техникалық қызмет көрсету
Сіздің құрылғыңыз дизайны мен шеберлілігі жоғары өнім болып табылатындықтан, оны ұқыпты пайдалану керек.

Төмендегі ұсыныстар кепілдігіңіз күшін сақтауға көмектеседі.

Құрылғыны су тигізбеңіз. Жауын-шашынның, ылғалдың және сұйықтардың құрамында электрондық тізбектердің

тот басуына себепші болатын минералдар болуы мүмкін. Егер сіздің құрылғыңыз дымқылданып кетсе,

батареяны алып, оны орнына салардың алдында құрылғыны әбден құрғатыңыз.

Құрылғыны шаң, лас жерлерде пайдаланбаңыз. Оның ауыстырмалы бөліктері мен электрондық бөлшектерінің

зақымдануы мүмкін.

Құрылғыны ыстық жерлерде сақтамаңыз. Жоғары температура электрондық құрылғылардың қызмет ету

қысқартып, батареяларды зақымдауы және пластикалық бөліктерінің қалпын бұзуы немесе балқытып жіберуі

мүмкін.

Құрылғыны суық жерлерде сақтамаңыз. Құрылғы қалыпты температурасына келгенде, оның ішінде ылғал пайда

болып, электрондық тізбек тақталарын зақымдауы мүмкін.

Құрылғының осы нұсқаулықта көрсетілгеннен басқа жолдармен ашуға әрекеттенбеңіз.

Құрылғыны лақтырушы, соғушы немесе шайқаушы болмаңыз. Өрескел пайдаланудан ішкі тізбек тақталары мен

жұқа механизмдердің зақымдануы мүмкін.

Күшті химиялық заттарды, тазалағыш ерітінділерді немесе күшті жуу құралдарын құрылғыны тазалауға

пайдаланбаңыз.

56

Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат

background image

Құрылғыны боямаңыз. Бояу қозғалатын бөлшектерінің қозғалысын қиындатып, дұрыс жұмыс істеуіне кедергі

келтіруі мүмкін.

Камера, байланыссыз сенсор сияқты линзаларды және жарық сенсорының линзаларын тазалауға жұмсақ, таза,

құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.

Тек қана жинақпен жеткізілген етілген немесе мақұлданған антеннаны пайдаланыңыз. Рұқсат берілмеген

антенналар, түрлендірулер немесе көмекші құралдар құрылғыны зақымдап, радио құрылғыларды реттейтін

ережелерді бұзуы мүмкін.

Зарядтағыштарды бөлмеде пайдаланыңыз.

Әрқашан контактілер мен күнтізбе жазбалары сияқты қалаған мәліметтеріңіздің көшірмесін жасап жүріңіз.

Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін уақытылы мезгіл-мезгіл бастапқы қалпына келтіру мақсатымен оны өшіріп,

батареяны алыңыз.

Бұл ұсыныстар құрылғыңызға, батареяңызға, зарядтағышыңызға немесе кез келген құрылғыға бірдей қолданылады.

Егер құрылғы дұрыс істемей тұрса, тексерту үшін оны жақын өкілетті қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.