Nokia 6700 Classic - Құрылғыңыз жайында

background image

Құрылғыңыз жайында
Мына нұсқаулықта суреттелген сымсыз құрылғы GSM 850, 900, 1800, 1900 және

WCDMA 900, 1900, және 2100 MHz желілері пайдалануға арналған. Байланыс

желісі туралы көбірек мәлімет алу үшін қызмет көрсетушімен байланысыңыз.
Құрылғы үшінші тараптың интернет сайттарына бетбелгілер мен сілтемелерді

орнатып, үшінші тараптың сайттарына қатынауға мүмкіндік беруі мүмкін. Олар

Nokia корпорациясының филиалы болып табылмайды, Nokia корпорациясы олар

үшін жауапкершілікті өзіне алмайды және қабылдамайды. Егер сіз осындай

сайттарға қатынасаңыз, қауіпсіздік немесе мазмұн үшін сақтық шараларын

қолданыңыз.

Ескерту

Құрылғының оятқыш сағаттан басқа белгілерін қолданғыңыз келсе, құрылғыны

қосыңыз. Сымсыз құрылғыны қолдану кедергілер мен қауіп тудыратын болса,

құрылғыны қоспаңыз.

Құрылғыны пайдаланған кезде барлық заңдарға бағынып, басқа тараптардың

жергілікті кедендік, құпиялылық және заңды құқықтарын, оның ішінде авторлық

құқықтарын құрметтеңіз. Авторлық құқықтар кейбір бейнелердің, әуендердің және

басқа құрылымдағы заттардың көшірілуіне, тасымалдануына, өзгертілуіне

кедергі бола алады.
Құрылғыңызға сақталған барлық маңызды ақпараттың сақтық көшірмелерін

жасап немесе жазбаша көшірмесін сақтап қойыңыз.

Кез келген құрылғыны қосу үшін оның тұтынушыға арналған нұсқаулығындағы

қауіпсіздік жөніндегі мәліметтерді оқыңыз. Сәйкес келмейтін өнімдерге

жалғамаңыз.
Бұл нұсқаулықтағы бейне ажыратымдылығы түрлі болып көрінуі мүмкін.
Құрылғыңыз туралы басқа да маңызды ақпарат алу үшін қолданушыға арналған

нұсқауларды қараңыз.