Батареяны зарядтау
Батарея зауыттан жартылай зарядталып келеді. Егер құрылғы төмен зарядты
көрсетсе, төмендегілерді орындаңыз:
1 Зарядтау құрылғысын қабырға розеткасына қосыңыз.
2 Зарядтау құрылғысын құрылғыға қосыңыз.
3 Құрылғы толық зарядты көрсеткенде, зарядтағышты құрылғыдан, сосын
қабырғадағы қуат көзінен ажыратыңыз.
Сондай-ақ, батареяны USB кабелімен компьютерден келетін қуат арқылы да
зарядтауға болады.
1 USB кабелін компьютердің USB портына және құрылғыңызға қосыңыз.
2 Батарея толық зарядталып болғанда, USB кабелін ажыратыңыз.
Батареяны белгілі бір міндетті уақытқа дейін зарядтаудың қажеті жоқ және
құрылғыны зарядталып жатқанда да пайдалануға болады. Егер батарея заряды
толық біткен болса, дисплейде зарядтау көрсеткіші жанғанша немесе қоңырау
шалу мүмкін болғанша бірнеше минут қажет болады.
Бастау
11
Радио тыңдаған уақытта құрылғыны зарядтау қабылдау сапасына әсер етуі
мүмкін.