Nokia 6700 Classic - Bluetooth сымсыз технологиясы

background image

Bluetooth сымсыз технологиясы
Bluetooth технологиясы радио толқындарын пайдаланып телефонды 10 метр (32

фут) ішіндегі сәйкес Bluetooth құрылғысына қосуға мүмкіндік береді.
Бұл құрылғы Bluetooth Specification 2.1 + EDR мен сай келеді және келесі

профайлдарды қолдайды: ілгеріленген аудио тарату, аудио мен бейнені

қашықтан басқару, автотеру желісі, файл тасымалдау, топпен қатынау, топтарға

аудио/бейне тарату, топпен нысандарды алмасу, желіге қатынау, хэндсфри,

гарнитура, нысанды итеру, телефон кітапшасына қатынау, SIM картаға қатынау,

қызметті табу қолданбасы және сериялы порт . Bluetooth технологиясын

қолдайтын басқа да құрылғыларымен өзара байланысты қамтамасыз ету үшін

Nokiа мақұлдаған қосымша аспаптарды ғана пайдаланыңыз. Осы құрылғының

басқа құрылғылардың өндірушілерімен бірге үйлесімділігін қамтамасыз етіңіз.

Bluetooth технологиясын қолдану мүмкіндігі батареяның қуатына талаптарды

арттырады және батареяның қызмет ету уақытын қысқартады.

Сымсыз құрылғы қашық SIM режимінде болса, қоңырау шалу немесе қабылдау

үшін сәйкес жалғанған қосымша аспаптарды (автомобиль жинағы сияқты) ғана

қолдануға болады.

Сіздің сымсыз құрылғыңыз жүйеде болса, ешқандай қоңырау қызметтерін

орындамайды. Тек өз құрылғыңызда бағдарламаға салынған шұғыл көмек

көрсету қоңырауларын орындайды.
Қоңырау шалу үшін алдымен қашықтағы SIM режимінен шығу керек. Егер құрылғы

құлыпталынған болса, ашу үшін, біріншіден, құлыптау кодын енгізіңіз.

Bluetooth байланысын ашу

1

Мәзір

>

Параметрлер

>

Байл. мүмкіндігі

>

Bluetooth

таңдаңыз.

2

Телефонымның аты

пәрменін таңдап, құрылғының атын енгізіңіз.

3 Bluetooth қосылымын іске қосу үшін

Bluetooth

>

Қосу

дегенді таңдаңыз.

суреті Bluetooth қосылғанын білдіреді.

4 Құрылғыны аудио қосымша құралына жалғау үшін

Аудио көм. құр-а қ-з

пәрменін және қосымша құралды таңдаңыз.

32

Байланысу мүмкіндігі

background image

5 Телефонды қосу аясындағы Bluetooth құрылғысымен жұптастырып қосу үшін

Жұпт-н құрылғылар

>

Жаңа құр-ғы қос.

тармағын таңдаңыз.

6 Табылған құрылғыға айналдырып өтіңіз де,

Қосу

дегенді таңдаңыз.

7 Құрылғыға рұқсат кодын (16 таңбаға дейін) енгізіп, басқа Bluetooth

құрылғысындағы байланысқа мүмкіндік беріңіз.

Құрылғының жасырын күйде жұмыс істеуі зиянды бағдарламалық қамтамасыз

етудің алдын алудағы қауіпсіз жолы болып табылады. Сенімсіз көздерден

Bluetooth байланысын қабылдамаңыз. Не болмаса Bluetooth функциясын

өшіріңіз. Бұл құрылғының басқа функцияларына әсер етпейді.
Компьютерді интернетке қосу
Bluetooth технологиясын пайдаланып сәйкес компьютерді интернетке қосуға

болады. Құрылғыңыз интернетке (желілік қызмет) қосыла алатын болуы керек

және компьютер Bluetooth технологиясын қолдайтын болуы қажет. Құрылғы

желіге кіру орны (NAP) қызметіне қосылғаннан кейін және компьютермен

жұптасудан кейін құрылғы интернетпен пакеттік деректер қосылымын автоматты

түрде ашады.